Дене бөлшектері ғана табылды. Ауғанстан құрамасының футболшысы елден қашамын деп мерт болды

Сурет: sport-express

Ауғанстанның футболдан жастар құрамасының ойыншысы Заки Анвари елден қашпақ болғанда қаза тапты. Бұл туралы журналист Бабак Тагваее Twitter желісінде хабарлады. 

Мәлімет бойынша, спортшы АҚШ әуе қорғаныс күштерінің C-17A ұшағының шассиіне жармасып ұшып кетпек болғандар қатарында еді. Кейін оның дене бөлшектері шасси бөлігінен табылған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport