"Дені дұрыс форвард керек". "МЮ" бапкері Роналдудың орнына шабуылшы іздейді

27 желтоқсан 2022 14:51
©Manchester Evening News

"Манчестер Юнайтед" бас бапкері Эрик тен Хаг командаға жаңа шабуылшы қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Әрине біз шабуылшыдан айрылып қалғанымызды білеміз. Сол үшін командамызға форвард қажет. Бірақ жөні түзу шабуылшы керек. Дені дұрыс форвард дегеніміз негізгі құрамда алаңға шығып түк бітірмеу емес, кәдімгідей командасына көмектесетін, гол соғатын, кері тартпайтын, адамгергершілігі мол ойыншы. "Манчестер Юнайтедтің" талабы жоғары. Соған лайық болуы керек", - дейді тен Хаг.

Еске салайық, Қатардағы әлем чемпионаты алдында Криштиану Роналду "қызыл сойқандармен" келісімшартын үзген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport