Футбол
19 қыркүйек 09:18

Дембеле ме, Ямаль ма? "Алтын доп" жеңімпазы таңдалды

©x.com/ballondor

"Реалдың" аңызы Икер Касильяс беделді 2025 жылғы "Алтын доп" жүлдесінің басты фаворитін атап, үздіктер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Касильяс "Алтын допқа" үміткерлердің бірі "Барселона" ойыншысы Ламин Ямаль мен "Пари Сен-Жермен" футболшысы Усман Дембеле арасындағы таласқа қатысты өз ойын айтты.

"Дембеле мен Ламин – екі фаворит. Олар керемет маусым өткізді және үміткерлер қатарында болуға лайық. Ламин тамаша өнер көрсетті, бірақ шешуші фактор – Чемпиондар лигасы", – деп келтіреді Касильястың сөзін Foot Africa.

Касильястың айтуынша, 18 жастағы Ямаль "испаниялық футболдағы ең шешуші ойыншы" және егер ол биыл марапатқа ие болмаса, "болашақта міндетті түрде жеңіске жетеді".

Өткен маусымда Дембеле Франция чемпионатын, Франция кубогән және Чемпиондар лигасын ұтып алды. Ал Ямаль Испанияның Ла Лигасын, Испания кубогін және Суперкубогін иеленді.

"Алтын доптың" жеңімпазы 22 қыркүйекте Париждегі "Шатле" театрында жарияланады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport