"Арсенал" ойыншылары Майлз Льюис-Скелли мен Итан Нванери биылғы "Алтын допты" "Барселона" клубының вингері Ламин Ямаль иеленуі керек деп санайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Лондондық клубтың футболшыларынан жыл футболшысы жүлдесін кім жеңіп алады деп сұралғанда, екеуі де каталондықтардың жас талантын атады.
"Алтын доп па? Ламин Ямаль. Мен оның ойынына қарап бағалаймын. Ол бұл жүлдеге лайық", — деді Нванери.
Айта кетейік, бұл марапат өткен маусымның қорытындысы бойынша табысталады. Өткен маусымда Ямаль барлық турнирлерде 55 матч өткізіп, 18 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Қазіргі таңда ол 200 миллион еуроға бағаланып, әлемдегі ең қымбат футболшы саналып отыр.
"Барселонаның" вундеркинді "Алтын допқа" басты үміткер саналатын "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Усман Дембелеге қарсы бәсекелес ретінде жиі аталып жүр. Дембеле өз клубының тарихындағы алғашқы Чемпиондар лигасын жеңіп алуына көмектесті.
Айта кетейік, жүлдені табыстау салтанаты 22 қыркүйекте Париждегі "Шатле" театрында өтеді.