Хорватия құрамасының қорғаушысы Деян Ловрен Қатардағы әлем чемпионатында Аргентинамен матч алдында ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Бізді нағыз айқас күтіп тұр. Біз дайынбыз!", - деп жазды Ловрен инстаграм парақшасында.
Еске салайық, бүгін түнде турнирдің жартылай финалында Аргентина мен Хорватия құрамалары кездеседі. Жеңіске жеткені финалда Марокко мен Франция жұбының үздігімен өзара мықтыны анықтайды.
Хорватия командасы 2018 жылы Ресейдегі футбол тойында финалда Франция ойыншыларына 2:4 есебімен есе жіберген еді.