"Дайын болмадық". "Лейпциг" ойыншысы ЕЛ жартылай финалы жайлы

©Global Look Press

"Лейпциг" шабуылшысы Юсуф Поульсен Еуропа Лигасында "Рейнджерспен" (1:3) өткен матчтан кейін пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Біз бұл стадионда оңай ойын болмайтынын білдік. Жанкүйерлер әр соғылған гол сайын қанаттана түсті. Қарсыластарымыз да күшейіп кетті. Тіпті үзілістен кейін екі допппен ұтылып жатсақ та, жоспарымызды соңына дейін жүзеге асыруымыз тиіс еді. Мұндай үлкен кездесуге дайын болмай шықтық. Өкінішке қарай, финалға бір қадам қалғанда сүрінуге мәжбүр болдық", - дейді Поульсен.

Еске салайық, қос ойынның қорытындысы бойынша неміс командасы Шотландияның 55 дүркін чемпионына есе жіберді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар