жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Испания құрамасының тарихында ең үздік сұрмерген атанған Давид Вилья америкалық MLS лигасында әдемі гол соқты. Қазіргі уақытта ол "Нью-Йорк Сити" клубының сапында өнер көрсетіп жүр. YouTube желісінде жарияланған видеоны қолданушылар милион рет тамашалаған.
Барлығы ойынның соңында болды. Вилья "Филадельфии Юнион" командасының қақпашысы алаңның ортасына шығып кеткенін көріп, қақпадан 50 метр жерден соққы жасады. Кездесу 2:0 есебімен "Нью-Йорк Сити" пайдасына шешілді.
Давид Вильямен бірге бір клубта ойнаған Андреа Пирло испаниялықтың соққан голын өзінің спорт мансабында және нью-йорктік клубтың тарихындағы ең әдемі гол болғанын жеткізді.