Давид Лория ҚПЛ-дегі клубтың директорлығына тағайындалады

© ҚФФ
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы және капитаны Давид Лория қарағандылық "Шахтердің" спорт директоры болады, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

УЕФА-ның магистірлік бағдарламасы бойынша менеджемент саласында білім алып жатқан Лорияның тағайындалуы жақын уақытта болады.

Мұның алдында "Шахтер" Әлібек Оразғалиевтің орнына жаңа атқарушы директорды тағайындаған еді - команданың бұрынғы шабуылшысы Ерлан Оразаев. Ол 1999 жылғы жастар чемпионатында Қазақстанның жалғыз голын салғанын айта кетейік. Ақпарат бойынша, Оразғалиевпен бірге клубтан спорт директоры Мұрат Тілешов пен бас бапкер Николай Костов кеткен еді.