"Манчестер Юнайтед" қақпашысы Давид Де Хеа өз командасының сапында қаңтар айының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Клуб өз жанкүйерлері арасында өткізген сауалнама бойынша Де Хеа 67% дауысқа ие болған. Екінші орынды Скотт Мактоминей (12%) иеленсе, үздік үштікті Бруну Фернандеш (11%) түйіндеді.
Осылайша, Испания құрамасының қақпашысы "қызыл сойқандардың" арасында қатарынан үшінші ай үздік деп танылып отыр.
Еске салайық, Давид Де Хеа биылғы АПЛ маусымында барлық матчта (22) алаңға шығып, 30 гол өткізді. Әзірге "МЮ" 38 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан. Ал көш бастап тұрған "Манчестер Ситидің" 57 ұпайы бар.