Давид Алаба "Реал" жанкүйерлеріне таныстырылды

сурет: readfootball

"Реал" клубы әлеуметтік желіде Давид Алабаны ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. "Команданың чатына жаңа ойыншы қосылды", - делінген "бланкостың" твиттер-парақшасында.

Еске салайық, "корольдік" клуб Алабаны мамыр айының соңында қатарға қосқанын жариялаған болатын. Transfermarket сайты австриялық қорғаушыны 55 млн еуроға бағалап отыр. Өткен маусымда Алаба "Бавария" сапында 32 матчте 2 гол соғып, 3 ассист жасаған. Ойыншы мадридтік ұжыммен 5 жылдық келісімшартқа отырған. 

Метки: