"Даулы жағдай". "Вильярреал" президенті "Ливерпульмен" ойындағы жанжал шығуы мүмкін оқиға туралы

©Reuters

"Вильярреал" президенті Фернандо Ройг Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы "Ливерпульмен" қарымта ойыннан кейін матч төрешісі Данни Маккеллиді сынға алды, деп хабарлайды Sport24 сайты Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап.

Ройг бірінші тайм соңында Маккелли англиялықтар қақпашысы Алиссонның испаниялықтардың ойыншысы Джованни Ло Чельсомен соқтығысқанда пенльти белгілемегеніне, тіпті VAR жүйесін пайдаланбағанына наразы екен.

"Бұл даулы жағдай. Қақпашы Ло Чельсоны шалып отырды, бұл шешуші сәт. Бірақ төреші басынан-ақ оларға жақтасты. Бұл ақталғаным емес, "Ливерпуль" - тамаша команда және бірінші матчті 0:2 есебінен де ірі айырмашылықпен ұтылуымыз мүмкін еді. Алайда төреші бұл жолы мұндай деңгейдегі мачтқа тым салғырт болды. Оның әрекеттері нәтижеге әсер етті", - дейді Ройг. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар