"Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 25-турында "Қызылжармен" кездесті. Петропавлда өткен матчта алматылық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойында "Қайратқа" жеңіс сыйлаған голды 42-минутта Дастан Сәтпаев соқты. Ол жуырда ғана жарақатынан емделіп, қатарға қосылған болатын. Сондай-ақ команда қақпасын Темірлан Анарбеков қорғады.
25-турдан кейін "Қайрат" 58 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында 24 ойын өткізген "Астананың" еншісінде 53 ұпай бар.
Жарнама