Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев алматылық "Қайрат" сапындағы 50-ші матчын өткізіп, маңызды белесті бағындырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жас футболшы үшін мерейтойлық ойын Қазақстан Премьер-лигасының 7-туры аясында өткен семейлік "Елімай" клубына қарсы кездесу (2:2) болды.
Дастан Сәтпаев негізгі командадағы дебютін 2024 жылдың 26 мамырында Лига кубогы аясында оралдық "Ақжайык" ұжымына қарсы матчта өткізген. Сол кездесуде алматылық команда 9:0 есебімен ірі жеңіске жеткен еді. Содан бері шабуылшы елдегі ең талантты жас ойыншылардың біріне айналды.
Өзі қатысқан 50 матчта 22 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев 2026 жылдың тамыз айында ресми түрде "Челси" ойыншысы болады.
Жарнама