Қазақстандық жас футболшы Дастан Сатпаевтың мансабына қатысты тағы бір жаңалық жарияланды, - деп жазады Vesti.kz.
17 жастағы отандасымыз Францияның «Страсбург» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы ағылшын инсайдерлеріне сілтеме жасап goalkz_official хабарлады.
Мәліметке сәйкес, «Челси» қазақстандық футболшыны тәжірибе жинау үшін француз клубына жалға беруді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта «Страсбург» Франция чемпионатының 9 турында 16 ұпай жинап, Лига 1 турнир кестесінде 9-орында тұр.