Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың алматылық "Қайраттан" лондондық "Челсиге" ауысуы жазғы трансферлік кезеңдегі Еуропаның ең маңызды мәмілелерінің қатарына енді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік "Чемпионат" порталының бағалауынша, 17 жастағы қазақстандық футболшының трансфері жас ерекшелігі, статистикасы және болашақтағы әлеуеті арқылы ерекшеленеді.
"Челси" клубы Қазақстанның басты талантын ертерек өз қатарына қосып қойған. Сәтпаевпен келісім 2025 жылдың ақпан айында жасалған, ал "Қайрат" бұл трансфер үшін 2,4 миллион еуро көлемінде қаржы алған. Дегенмен жас ойыншы 18 жасқа толғанша, яғни 2026 жылдың тамызына дейін Лондон клубына ресми түрде қосылмауы мүмкін. Сонымен қатар, оны уақытша жалға беру нұсқасы да қарастырылуда", – деп жазады басылым.
17 жастағы шабуылшы 2025 жылғы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп, Чемпиондар лигасында дебют жасады және Ламин Ямаль мен Ансу Фатиден кейін турнир тарихындағы ең жас гол авторларының бірі атанды. Барлық турнирлерде ол 41 матч өткізіп, 19 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.
Қазақстан Премьер-лигасында биылғы маусымда Сатпаев 13 матчта 5 гол соғып, 2 голдық пас берді.
Сәтпаев Гризманнмен бір тізімде
"Чемпионат" нұсқасы бойынша жазғы трансфер терезесіндегі ең үздік 10 ауысымның қатарында Дастан да бар. Тізімге Антуан Гризманн, сондай-ақ, Еуропаның түрлі клубтарындағы бірқатар жұлдызды футболшылар енген.
"Чемпионат" порталының нұсқасы бойынша жазғы трансфер терезесіндегі ең үздік 10 ауысым төмендегідей:
Энтони Гордон: "Ньюкаслдан" "Барселонаға"
Жереми Жаке: "Ренннен" "Ливерпульге"
Жеовани Кенда: "Спортингтен" "Челсиге"
Дастан Сатпаев: "Қайраттан" "Челсиге"
Родриго Саласар: "Брагадаң" "Спортингке"
Адриен Томассон: "Ланстан" "Реннге"
Альфонсо Педраса: "Вильярреалдан" "Лациоға"
Жоан Гаду: "Ред Булл Зальцбургтен" дортмундтық "Боруссияға"
Антуан Гризманн: "Атлетикодан" "Орландо Ситиге".
Сатпаевтың "Челсиге" ресми ауысуы 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толғаннан кейін жүзеге асады деп күтілуде. "Қайрат" бұл трансферден шамамен 4 миллион еуро және қосымша бонус алуы мүмкін.
Жарнама