Алматылық "Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ-2026) екінші турындағы матчта "Ақтөбені" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Алматыда өтіп, алаң иелерінің 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. 76-минутқа дейін есеп ашылған жоқ.
Ойын тағдырын 64-минутта алаңға шыққан Дастан Сәтбаев шешті. Араға 12 минут салып, ол Даниэль Сосадан допты тартып алып, бұрынғы командаласы Александр Заруцкийді қапы қалдырды. Айта кетейік, қақпашы бұл матчта бірнеше рет командасын голдан аман алып қалған еді.
Осылайша, "Қайрат" алты ұпай жинап, КПЛ-2026 турнирлік кестесінде жеке-дара көш бастады.
Келесі турда алматылық клуб "Жетісумен" кездеседі. Матч 21 наурыз күні Алматыда өтеді.
Ал үш ұпайы бар "Ақтөбе" өз алаңында "Елімайды" қабылдайды.
Жарнама