"Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев "Челсидің" жаттығу базасына барып, қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевпен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боранбаев бұл кездесуден видео мен фотосуреттерді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Сондай-ақ ол Сәтбаевтың көңіл күйі өте жақсы екенін, жаттығу процесіне толықтай ден қойғанын және карьерасындағы жаңа кезеңді бастағанын атап өтті.
"Қазақстан чемпионаты қызу жүріп жатқанының арқасында Дастан Лондонға ұзақ үзіліссіз, жақсы физикалық дайындықпен келді. Бұл – жас футболшы үшін жаңа ортаға бейімделу кезеңіндегі үлкен артықшылық", – деп жазды Боранбаев.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев – "Қайрат" клубының түлегі. Оның "Челсиге" ауысқаны 2025 жылдың ақпан айында ресми түрде жарияланған болатын. Алайда кәмелет жасына толмағандықтан, қазақстандық шабуылшы Лондон клубына тек 2026 жылдың жазында ғана ресми түрде қосылды.
Жарнама