Футбол
Бүгін 09:38

Дастан Сәтбаевты енді Стивен Джеррард жаттықтыра бастауы мүмкін

©instagram.com/burnleyofficial

"Ливерпуль" клубының аңызы Стивен Джеррард бапкерлік қызметке қайта оралып, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев өнер көрсетіп жүрген "Бернли" клубын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz Liverpool Echo басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін "Бернли" командасы "Линкольннен" 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін клуб басшылығы бельгиялық маман Ники Хайенді қызметінен босатқан еді.

Хайен "Бернлиді" биыл жазда жаттықтыра бастап, команда тізгінінде небәрі 14 матч өткізді. Оның жетекшілігімен клуб Чемпионшиптегі 12 кездесуде бір-ақ рет жеңіске жетті. Маусымды сәтсіз бастаған команда өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша Англия Премьер-лигасынан түсіп қалғаннан кейін, енді екінші дивизионнан да шығып қалуға шақ тұр.

Бос қалған қызметке үміткерлердің бірі ретінде Стивен Джеррард аталып отыр. 46 жастағы ағылшын маманы "Рейнджерс" пен "Астон Вилланы" жаттықтырған. "Рейнджерспен" бірге ол 2021 жылы Шотландия чемпионы атанды. Джеррардтың соңғы жұмыс орны Сауд Арабиясының "Әл-Иттифақ" клубы болды. Ол бұл командадан 2025 жылдың қаңтарында кетті. Сонымен қатар Джеррард британдық TNT Sports телеарнасында футбол сарапшысы қызметін атқарды.

Еске салайық, 18 жастағы Дастан Сәтбаев жазда "Қайраттан" "Челсиге" ауысып, кейін 2026/2027 жылғы маусымға "Бернлиге" жалға берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport