Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев лондондық "Челси" клубының Аустралия мен Азияға маусым алды турнесінің матчіне негізгі құрамда алаңға шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Көктердің" алғашқы қарсыласы Аустралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" клубы болады.
Хаби Алонсо негізгі құрамды жариялады
Ағылшын клубының бас бапкері Хаби Алонсо кездесуге мынадай құрамды таңдады:
Шарман-Лоу (қақпашы), Ачемпонг, Тосин, Эменало, Уолш, Уотсон, Эссуго, Делап, Дастан Сәтбаев, Кавума-Макуин.
Сиднейде (Аустралия) өтетін матч бүгін, 28 шілдеде, Астана уақытымен 14:45-те басталады.
Сәтбаев үшін тарихи ойын
Бұл – Дастан Сәтбаевтың "Челсидің" негізгі құрамындағы алғашқы ресми старты болмақ.
Бұған дейін алматылық "Қайрат" клубының түлегі лондондықтардың жабық форматтағы екі жолдастық кездесуіне қатысқан еді. Атап айтқанда, "Кроули Таунды" (3:1) және "Броумлиді" (3:0) жеңген ойындардың екеуінде де ол екінші таймда алаңға шыққан болатын.
Our starting XI is in! ?? pic.twitter.com/f4zYQvgL7B
— Chelsea FC (@ChelseaFC) July 28, 2026
Жарнама