Футбол
Бүгін 10:23
 

Дастан Сәтбаев "Бернлидегі" дебюттен кейін мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Дастан Сәтбаев "Бернлидегі" дебюттен кейін мәлімдеме жасады © "Бернли" ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англияның "Бёрнли" клубындағы дебюттік матчынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англияның "Бёрнли" клубындағы дебюттік матчынан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сәтбаев әлеуметтік желіде жазба жариялады

18 жастағы шабуылшы 23 тамызда Чемпионшиптің екінші турында "Вест Бромвичке" қарсы кездесуде алғаш рет "Бёрнли" сапында алаңға шықты.

Сатпаев әлеуметтік желідегі парақшасында матчтан түскен суретін жариялап, оған қысқа жазба қалдырды.

"Әлхамдулиллах, жақсы күндер әлі алда", - деп жазды Сәтбаев.

Сәтбаев "Бёрнли" сапында қалай дебют жасады?

Қазақстандық футболшы кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол 57-минутта Джош Лоранның орнына алаңға шықты. Бұл уақытта "Бёрнли" 1:2 есебімен жеңіліп жатқан еді.

Кейін алаң иелері пенальтиден тағы бір гол соғып, матчты 3:1 есебімен өз пайдасына аяқтады. Сәтбаев алаңда шамамен 35 минут өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Дастан "Бёрнли" сапында ресми матч өткізген Қазақстанның алғашқы футболшысы атанды.

18 жастағы шабуылшы лондондық "Челсиден" жалға алу негізінде ағылшын клубында 12-нөмірмен өнер көрсетеді. Келісім 2026/27 маусымының соңына дейін есептелген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!