"Бёрнли" шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англия чемпионатының төртінші турында "Мидлсброға" қарсы өткен матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бёрнли" алаңында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасының ойыншысы матчты негізгі құрамда бастап, 80-минутта алаңнан ауыстырылды.
"Дастан Сәтбаев бүгін кеште өткен матчтың үздік ойыншысы атанды", - делінген клубтың әлеуметтік желідегі жазбасында.
Төрт турдан кейін Сәтбаевтың командасы екі ұпаймен турнир кестесінде 23-орында тұр. "Бёрнли" екі рет тең түсіп, екі рет жеңіліске ұшыраған.
Келесі турда "Бёрнли" өз алаңында "Бристоль Ситимен" ойнайды. Кездесу 5 қыркүйекте өтеді.
Жарнама