Еуропа чемпионатының матчінде есінен танып қалған Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксенге жүрек-тамыр құрылғысы қажет. Бұл туралы құраманың дәрігері Мортен Боэсен мәлім етті, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Кристианның жүрегіне бірнеше рет сынама жасалғанан кейін, оған жүрек-тамыр құрылғысы (ICD) қажет деп шешілді. Бұл құрылғы инфаркттан кейін жүрек соғысының бұзылуына байланысты қажет. Кристиан шешім қабылдады. Жоспарды ұлттық және халықаралық мамандар да растады. Олардың бәрі бірдей емделуді ұсынды", - деп береді Боэсеннің сөзін Sky Sports.
Еске салайық, Еуро-2020 турнирінің сенбідегі Дания және Финляндия арасындағы матчте Эриксеннің жүрегі тоқтап қалып, ол есінен танып қалды. Футболшыға бірден алаңда көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға алып кетті.
Бірнеше күн бұрын футболшы әлеуметтік желіде жағдайының жақсы екенін, алайда, дәрігерлеік тексерістен өтіп, не болғанын білгісі келетінін хабарлаған.