Футбол
18 маусым 2020 13:13

Дәрігерлер есін жидыра алмады. "Арсеналмен" ойында "МанСити" голкипері командаласын талдырып қойды

Сурет: Football24.ru
"Манчестер Сити" қорғаушысы Эрик Гарсия Англия премьер-лигасының "Арсеналмен" 28-ші тур матчінде бас жарақатын алды.

Оқиға ойын соңында болды. "Сити" голкипері Эдерсон Мораес қақпадан жүгіріп шыққанда 19 жастағы испаниялыққа соқытығысқан. Дәрігерлер Гарсияның есін жиғыза алмай, ақыры зембілге жақсылап таңып, алаңнан алып шықты. 



"Әрине денсаулығы бізді алаңдатады, Қазір есін жиды, дегенмен, басқа соққы қауіпті. Сондықтан толыққанды қаралу керек. Бір-екі күн ауруханада болар", - деп береді Хосеп Гвардиоланың сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

49-шы минутта лондондықтардың қорғаушысы Давид Луиз алаңнан қуылғандықтан ары қарай ойын "10-на-10" форматында өтті.

Осы ойында "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Гранит Джака да жарақат алды. Матчтің алтыншы минутында ол командаласы Маттео Гюэндузиге соғылып, оны да алаңнан зембілмен алып кетті. 

Ойынның өзі 3:0 есебімен "Сити" пайдасына аяқталды.