Футболдан Болгария біріншілігіндегі матч барысында бірнеше футболшы коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы Sportstar порталы хабарлап отыр.
Оқиға 2 шілде күні "Царско село" мен "Черно море" командалары арасында болған. Дереккөздің мәліметі бойынша, алаң қожайындарының қорғаушысы Мартин Кавдански дәрігерлердің қателігінен ойынға қатысуға рұқсат алған. Негізі футболшы коронавирус жұқтырған екен.
Сөйтіп ойыннан кейін "Царско село" командасы үш футболшының вирус жұқтырғанын хабарласа, "Черно море" командасында 16 ойыншы жұқтырыпты.
Кавданскиден тест алған лаборотория қызметкерлері қателіктерін мойындады.