Дания мен Финляндия ойыны кейінге шегерілді

сурет: REUTERS

Еуро-2020 турнирінің үшінші реттік кездесуі кейінге шегерілді. В тобының аясында Дания мен Финляндия құрамаларының ойыны тартысты өтіп жатқан. Алайда матчтың 42-ші минутында кенеттен Кристиан Эриксен есінеп танып қалды.

Жартылай қорғаушыға тез арада медициналық көмек көрсетілген болатын. Артынша Эриксеннің есін жиғаны белгілі болды.

Осы орайда бас төреші Энтони Тейлор УЕФА-ның төрешілер алқасымен ақылдаса келе ойынды 13-ші маусымға ауыстырып отыр. Матч жоспар бойынша елорда уақытымен 15.00-де өтуі тиіс.

Метки: