Дания мен Финляндия кездесуі қайта жанданды

сурет: REUTERS

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Кристиан Эриксеннің есінен танып қалуына орай алдымен Дания мен Финляндия арасындағы матч уақытша тоқтатылған болатын. Араға бірнеше минут салып төрешілер шешімімен кездесу 13-ші маусымға ауыстырылған еді. 

Алайда қос құраманың аяқдопшылары ұйымдастырушы тарапқа өтініш айтып, ойынды кейінге қалдырмауды сұраған. Кездесу 43-ші минуттан бастап жалғасын тапты.

В тобында Бельгия, Дания, Финляндия және Ресей құрамалары өзара мықтыны анықтайтынын айта кеткен жөн. 

Метки: