Дания құрамасы Fair Play марапатын иеленді
Халықаралық Футбол Федерациясының жыл сайынғы үздіктерді анықтау рәсімінде Дания құрамасы 2021 жылдың қорытындысы бойынша Fair Play марапатын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Халықаралық Футбол Федерациясының жыл сайынғы үздіктерді анықтау рәсімінде Дания құрамасы 2021 жылдың қорытындысы бойынша Fair Play марапатын иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Еуро – 2020 турнирінде Дания мен Финляндия арасындағы матчта 29 жастағы Кристиан Эриксен жүрек талмасымен құлап, есін жоғалтып алған еді. Нәтижесінде медициналық персонал жартылай қорғаушыға 15 минут көмектескеніне қарамастан, Эриксеннің жағдайы қиындай берген. Сол сәтте дат ойыншылары өз командаласының ауыр халін жанкүйерлер мен теледидар арқылы тамашалап отырған миллиондаған көрерменнің көзіне көрсетпеу үшін, толыққанды қоршауға алды. Кристиан Эриксенді жақын маңдағы ауруханаға алып кетіп, кейін денсаулығы бір қалыпқа келді. Ал сол кездесу біраздан кейін қайта жалғастырылды.
? ?? Denmark National Team, Danish Medical Team and Staff have won the FIFA Fair Play 2021 Award
— FIFA World Cup (@FIFAWorldCup) January 17, 2022
??? pic.twitter.com/LcgCaTcxwp
Жарнама