Дани Алвес "Мальоркаға" ауысуы мүмкін

©AFP

Дани Алвес жақын арада "Мальорка" клубымен келісімшарт жасасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Испанияның белді басылымдарының бірі Mundo Deportivo сайты мәлімдеді. Бразилия құрамасының сапында Токио Олимпиадасының чемпионы атанған Алвес испаниялық клубқа еркін агент ретінде тегін ауысады. Ол осыған дейін "Барселонаның" намысын қорғаған еді.

Еске салайық, 39 жастағы Алвес спорттық карьреасында "Севилья", "Барселона", ПСЖ, "Сан-Паулу" және "Ювентус" командаларының намысын қорғаған. Ол футболшы ретінде 43 титулы бар әлемдегі нөмірі бірінші ойыншы. "Барселона" сапында Испания чемпионатын алты рет жеңген. Бразилия құрамасында 119 матчта 8 гол салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport