Дани Алвес "Барселонаға" қайта келуі мүмкін

©getty images

Бразилия құрамасының экс ойыншысы Дани Алвес "Барселонаға" қайта келуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі Sport.es сайтына сілтеме жасап.

"Блаугрананың" жаңа бапкері Хави 38 жастағы бразилиялық қорғаушыны командасында көргісі келеді. Оның үстіне Хави мен Алвес испаниялық клуб сапында бірнеше жыл ойнаған.

Еске салайық, осының алдында бапкер болған Рональд Куман бірнеше рет Алвестен бас тартқан еді.

2008-2016 жылдары Дани Алвес "Барселона" сапында 247 матчта 14 гол соққан. Испания біріншілігін 6 рет және Чемпиондар Лигасын 3 мәрте жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: