Данило Д`Амброзио "Интер" клубымен келісімшартын ұзартуы мүмкін. Бұл туралы журналист Николо Скира мәлімдеді.
Журналистің айтуынша, "Интер" басшылығы 33 жастағы ойыншымен 2023 жылға дейін жұмыс істеуге дайын. Биылғы маусымда қорғаушы 21 матчта бір гол соқты. Сонымен қатар, бір мәрте нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Италияның А сериясында "Интер" 32 турдан кейін 69 ұпаймен екінші орында болса, 33 матч өткізген "Милан" 71 баллмен бірінші орында тұр.