Футбол
29 қыркүйек 13:43

"Дәл осы тұста "Реал" осал болуы мүмкін". Ресейде "Қайрат" матчіне күтпеген болжам жасады

©"Қайрат" ФК

Ресейлік Soccer365.ru сайты Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында өтетін алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы матчқа болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Командалар арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.

"Чемпиондар лигасындағы "Қайраттың" өз алаңындағы бірінші матчінде бірден осындай атақты қарсылас қонаққа келеді. Алматылықтарға трибуналардан барынша қолдау көрсетілетіні анық, ал өз алаңындағы ойын статусы командаға лайықты ойын көрсетуге көмектесуі мүмкін. Сонымен қатар, "Қайраттан" нәтижелі шабуыл күтуге әбден болады – бұған дейін команда өз алаңында тұрақты түрде гол соғып жүрген, тіпті Лиссабонда да көзге түсті.

"Реал" бұл матчқа жақсы көңіл күймен келмейді – Мадрид дербиінде "Атлетикодан" ауыр жеңіліс олардың әлсіз тұстарын көрсетті. Хаби Алонсо қорғаныста бірқатар ойыншысынан айырылып, кадрлық қиындықтарға тап болды. Дәл осы тұста "Реал" қайтадан осал болуы мүмкін. Дегенмен, испаниялықтар өздерінің шеберлігімен және қуатты шабуылымен басымдыққа ие болары сөзсіз – Мбаппе мен Винисиусты тоқтату алаң иелері үшін оңай болмайды.

"Реалдың" жеңісіне сенуге болады, алайда, алаң иелері тарапынан елеулі қарсылықты да жоққа шығаруға болмайды.

Болжам: 1:2", – деп жазады сайт.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport