Футбол
13 маусым 12:10

Дағдарып жатқан қазақстандық клубтан екі легионер кетті

©"Атырау" ФК

"Атырау" футбол командасы екі шетелдік футболшымен келісімшарттың тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клубтан грузиялық легионерлер Гиорги Гадрани мен Гия Чадунели кетті. Олармен келісімшарт өзара келісім бойынша бұзылды.

Гиорги Гадрани биылғы маусымда "Атырау" сапында сегіз матч өткізіп, нәтижелі әрекет көрсеткен жоқ. 

Гия Чадунели барлық турнирлерде жеті ойында бір ассист жасады. Айта кетейік, 2024 жылы ол Талдықорғанның "Жетісу" командасында ойнаған болатын.

Еске салайық, "Атырау" футбол клубы қазіргі кезде маусымды сәтсіз өткізіп жатыр. Команда 13 турдан кейін Қазақстан премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы 14-орында тұр. "Мұнайшылардың" еншісінде небәрі төрт ұпай бар.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport