ЧЛ плей-офф кезеңінде ойнайтын командалар толық іріктелді

©

Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчтерінің қорытындысы бойынша турнирдің 1/8 финалына өткен барлық команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Соңғы екі жолдаманы "Милан" мен "Лейпциг" иеленді. Италиялық клуб өз алаңында "Зальцбургті" ойсырата ұтты (4:0) да, 10 ұпаймен Е тобында екінші болды. Ал германиялық команда донецкілік "Шахтерді" ұқсас есеппен ұтып, 12 ұпаймен F тобында екінші болды. 

1/8 финалда ойнайтын командалар: "Наполи", "Ливерпуль", "Порту", "Брюгге", "Бавария", "Интер", "Тоттенхэм", "Айнтрахт", "Челси", "Реал", "Манчестер Сити", "Боруссия Д", ПСЖ, "Бенфика", "Милан" және "Лейпциг".

ЧЛ плей-офф кезеңінің жеребесі 7 қарашада тартылады.

Сәйкесінше, Еуропа лигасына түсіп қалған командалар: "Аякс", "Ювентус", "Байер", "Барселона", "Спортинг", "Зальцбург", "Шахтер", "Севилья".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар