Футбол
Бүгін 08:43

ЧЛ-дің ширек финалисті овертаймдағы 5:0 есебінен кейін анықталды

© Global Look Press

Лиссабондық "Спортинг" норвегиялық "Буде-Глимтті" ірі есеппен ұтып, УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лиссабонда өткен кездесудің негізгі уақыты алаң иелерінің 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Алғашқы ойында норвегиялық клуб дәл осындай есеппен басым түскен еді. Осылайша, қарсыластық қосымша уақытқа ұласты. Овертаймда "Спортинг" тағы екі гол соғып, матчты 5:0 есебімен аяқтады. Екі матчтың қорытындысы бойынша португалиялық команда 5:3 есебімен жеңіске жетті.

"Спортинг" сапында голдарды Гонсалу Инасиу (34-минут), Педру Гонсалвеш (61-минут), Луис Суарес (78-минут, пенальтиден), Макси Араухо (90+2-минут) және Рафаэл Нел (120+1-минут) соқты.

Осылайша, португалиялық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының қазіргі форматындағы ширек финалға шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport