Лондондық "Арсенал" сырт алаңда лиссабондық "Спортинг" клубын мұтып, Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта маңызды нәтижеге жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Лиссабондағы "Жозе Алваладе" стадионында өтіп, 1:0 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
64-минутта "канонирлердің" испаниялық жартылай қорғаушысы Мартин Субименди гол соққанымен, төреші офсайд тіркеп, бұл нәтиже есепке алынбады.
Ойын тағдыры қосымша уақытта шешілді. 90+1-минутта неміс шабуылшысы Кай Хаверц жеңіс голын соғып, "Арсеналға" өте маңызды жеңіс сыйлады.
Қарымта кездесу 16 сәуірге қараған түні Лондонда, "Эмирейтс" стадионында өтеді.
Айта кетейік, 1/8 финалда "Спортинг" норвегиялық "Будё-Глимт" клубын (0:3, 5:0) жеңсе, "Арсенал" германиялық "Байер" командасынан (1:1, 2:0) басым түскен еді.
Жарнама