Футбол
Бүгін 09:44

ЧЛ-дегі "Қайрат" - "Левски" матчінің тағыдырын 92-минуттағы гол шешті

©Vesti.kz/Болат Айтмолда

Алматылық "Қайрат" клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Болгарияның "Левски" командасына есе жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Софияда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Жеңіс голы қосымша уақытта соғылды

Матчтағы жалғыз гол 90+2-минутта тіркелді.

"Левскидің" жартылай қорғаушысы Сержинью айып алаңының сыртынан қақпаға соққы жасап көрді. Доп жолда "Қайрат" капитаны Александр Мартыновичке тиіп, бағытын өзгерткен соң қақпашы Темірлан Анарбековті жаңылыстырып, тордан бір-ақ шықты.

Қарымта матч Түркістанда өтеді

Командалар арасындағы қарымта кездесу 11 тамызда Түркістанда өтеді.

Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Грекияның АЕК клубымен кездеседі.

Ал бұл жұпта жеңілген команда Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде ПАОК (Грекия) пен "Андерлехт" (Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport