Футболдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалының екі матч өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. Мадридтік "Атлетико" сырт алаңда "Барселонаны", ал ПСЖ өз алаңында "Ливерпульді" ұтты.
Екі кездесуде де жеңіске жеткен командалар қақпаларына гол жібермей, 2:0 есебімен басым түсті.
Испаниялық дербиде "Барселона" өз алаңында мадридтік "Атлетикодан" ұтылып қалды. 44-минутта каталондықтар қорғаушы Пау Кубарсидің алаңнан қуылуына байланысты бір ойыншыға кем болды және бірден гол жіберіп алды. Есепті Хулиан Альварес ашты.
Ал 70-минутта Александр Сорлот "Барселонаның" қақпасына екінші голды соқты.
Дәл осындай 2:0 есебімен ПСЖ Парижде өткен алғашқы матчта "Ливерпульді" ұтып отыр. 11-минутта Дезире Дуэ есеп ашса, 65-минутта Хвича Кварацхелия кездесудің нүктесін қойды.
Қарымта матчтар бір аптадан кейін – 15 сәуірге қараған түні өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Чемпиондар лигасының 1/4 финалында "Бавария" сырт алаңда "Реалды" 2:1 есебімен, "Арсенал" сырт алаңда "Спортингті" 1:0 есебімен ұтқан болатын.
Жарнама