Еуропаның жетекші чемпионаттарында осы аптада Чемпиондар лигасы-2026/27 жалпы кезеңіне жолдама алған бірқатар клубтар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Англия премьер-лигасында “Ливерпуль” бесінші орын алып, Чемпиондар лигасына қатысу құқығына ие болды. Бұл нәтиже Лиссабонның “Спортингіне” де тиімді әсер етті. Еуропа лигасының жеңімпазы “Астон Вилла” АПЛ-да төртінші орынмен маусымды аяқтап, турнирге чемпионат арқылы жолдама алғандықтан, Португалия чемпионатының күміс жүлдегері “Спортинг” іріктеусіз-ақ Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне тікелей өтті.
Қазіргі таңда 2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне 27 клуб жолдама алып үлгерді.
Англия: "Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Астон Вилла", "Ливерпуль".
Италия: "Интер", "Наполи".
Испания: "Барселона", "Реал", "Вильярреал", "Атлетико", "Бетис".
Германия: "Бавария", "Боруссия" Д, "РБ Лейпциг", "Штутгарт".
Франция: "ПСЖ", "Ланс", "Лилль".
Нидерланды: ПСВ, "Фейеноорд".
Португалия: "Порту", "Спортинг".
Бельгия: "Брюгге".
Чехия: "Славия".
Түркия: "Галатасарай".
Украина: "Шахтёр".
Қалған екі тікелей жолдама иесі А сериясында анықталады. Ал тағы жеті жолдама іріктеу кезеңінде сарапқа салынады. Бұл кезеңде Қазақстан чемпионы - "Қайрат" та өнер көрсетеді.