Чиро Иммобиле Италия құрамасындағы карьерасын аяқтамақшы

©Reuters

Шабуылшы Чиро Иммобиле Италия құрамасындағы карьерасын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Calciomercato порталы хабарлады. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, 32 жастағы форвард әлі нақты шешім шығармаған. Бірақ ол карьерасын аяқтап қалуы әбден мүмкін. 

Иммбиле Италия құрамасында 2014 жылдан бері ойнап келеді. Осы уақытқа дейін ол ұлттық құрамасы сапында 55 кездесу өткізіп, 15 гол соққан. Ол Италия құрамасымен бірге Еуро-2020 турнирінде топ жарды. 

Еске салайық, Италия әлем чемпионатының тоғыспа кездесуінде Солтүстік Македониядан (0:1) жеңіліп, қатарынан екінші мәрте әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыға алмай қалды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport