Англияның "Миллуол" командасында ойнайтын черногориялық қақпашы Матия Шаркич қаза тапты. Ол таңда достарымен пәтерінде болғанда өзін жайсыз сезінген.
26 жастағы қақпашы "Миллуолға" дейін "Вулверхэмптон", "Сток Сити", "Бирмингем", "Ливингстон", "Шрусбери" және "Астон Вилла" клубтарында ойнаған.