Черчесов "Тобылмен" ЧЛ-дегі ойын алдында пікір білдірді

©POOL

"Ференцварош" клубының бас бапкері Станислав Черчесов Чемпиондар Лигасының бірінші айналымына алдында Қостанайға қалай жеткені жайлы және маусымға дайындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Қостанайға дейін жеті сағат ұштық. Әрине жол ұзақ болды. Бірақ біз ең жақсы ұшақтардың бірімен ұшып келдік. Жол қиындығына алдын ала дайын болдық. Ең бастысы жігіттердің көңіл-күйі жақсы. Командамен бірге клубқа енді қосылып жатқан ойыншылар да ұшып келді. Алаңға кімдердің шығатынын матч жақындағанда шешім қабылдаймыз. Қарсыласымызды зерттедік. Биыл бапкері ауысып, ішкі чемпионаттағы ойыны ала-құла. Алайда өткен жылы чемпион атанғанын ұмытпағанымыз жөн. Қазіргі таңда Қазақстан біріншілігі нағыз шарықтау шегінде тұр. Ал біздің чемпионат әлі басталмады. Тек оқу-жаттығу жиынын жасап келіп отырмыз", - дейді ресейлік маман.

Еске салайық, "Тобыл" мен "Ференцварош" ойыны 6 шілде күні елорда уақытымен 20:00-де басталады.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport