Черчесов "Тобылдың" артықшылығын айтты

©РИА Новости

"Ференцварош" бас бапкері Станислав Черчесов "Тобылмен" Чемпиондар лигасындағы қарымта ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Маусым басында ешқандай командаға оңай болмайтыны белгілі. Біздің дайындығымыз жоғары деңгейде өтті. Алайда өткен аптада чемпионға қарсы ойнағанымызды ұмытпауымыз керек. Қазақстандықтар маусымның бел ортасында болғандықтан, олар нағыз шарықтау шегінде деп ойлаймын. Апта бұрын Қазақстанда жаман ойын көрсетпедік. Дегенмен, бұдан да жақсы өнер көрсете алатынымызды білеміз. Дүйсенбі күні қорғанысқа, сейсенбі күні шабуылға көңіл бөлдік. Сәрсенбі барымызды саламыз. Әрине, екі елдің арасында төрт сағат айырмашылық бар. Өткен жолы бізге де уақыт айырмасы қолайсыздық туғызған. Бірақ оған дайын болдық. Енді қарсыластарымыз да сондай қиындықтарға тап болады. Алайда жеңімпаз тек алаңда анықталады", - дейді Черчесов.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу айналымындағы қарымта ойын Будапештте өтеді. Қостанайдағы алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport