Футбол
Бүгін 16:05

Черчесов қазақстандық футболшыларға мәнді кеңес берді

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов еуропалық клубтардың қазақстандық футболшыларға қызығушылығы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құраманы дұрыс баптау керек"

"Әрине, Қазақстан футболшылары бәсекесі жоғары лигаларда ойнауға ұмтылуы керек. Еуропаның ең мықты лигаларында өнер көрсететін ойыншылардың орташа дайындық деңгейі жоғары болады. Аустрия, Словения және Грузия құрамаларын қараңыздар - негізгі құрамның басым бөлігі шетелде ойнайды.

Сонымен қатар, 2018 жылғы әлем чемпионатында Ресей құрамасында шетелде ойнаған небәрі екі футболшы болды - Габулов пен Черышев. Соған қарамастан, команда өз міндетін дұрыс атқарды, ал қалғандарының барлығы Ресей чемпионатында ойнады. Менің уақытымда да өзім және ұлттық құрамадағы әріптестерім ең мықты чемпионаттарда өнер көрсеттік. Өкінішке қарай, бұл бізге әлем немесе Еуропа чемпионы атануға мүмкіндік берген жоқ.

Футболшылардың шетелге кетуі - бір жағынан, жақсы үрдіс. Алайда екінші жағынан, ұлттық құраманы дұрыс баптау қажет. Футболшының Еуропада немесе Қазақстанда ойнайтынына емес, оның дайындық деңгейіне қарау керек", - деді Черчесов ASnews.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, өткен жылы Станислав Черчесов Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы ойындар кезінде жаттықтырды. Алайда бұл кезеңде команда бірде-бір гол соға алмады.

2025 жылдың 6 тамызында ол грозныйлық "Ахмат" клубының бас бапкері болып тағайындалды. Аталған команда сапында қазақстандық шабуылшы Максим Самородов өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport