Черчесов әлем чемпионатының үздік ойыншысын атады

24 желтоқсан 2022 15:47
©Ференцварош ФК

Ресей құрамасының экс бас бапкері Станислав Черчесов Қатардағы әлем чемпионатының үздік ойыншысын атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Әлем чемпионатының үздік ойыншысы – Месси. Ол әр ойын сайын командасының жеңіске жетуіне зор үлесін қосты. Финалда да маңызды рөл атқарды", - деді Черчесов "Чемпионат" басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Аргентина құрамасы финалда Францияны ұтып, өз тарихында үшінші рет мундиальда топ жарды. Ал футболшы ретінде барлық атақты алған Лионель Месси 35 жасында тұңғыш рет әлем чемпионатының кубогін басынан жоғары көтерді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар