Футбол
Кеше 17:32

Чемпиондықты қорғай алмады. Мессидің енді не істемек ойы бары айтылды

©Depositphotos/thenews2.com

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейінгі жоспары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Diario Olé басылымының мәліметінше, "Интер Майами" клубының шабуылшысы алдағы күндері ата-анасы тұратын Росарио қаласына барады. Футболшының басты мақсаты – денсаулығы нашарлаған әкесінің жағдайын біліп қайту.

Одан кейін Месси жұбайы мен балаларымен бірге уақыт өткізіп, кейін MLS-тің жаңа маусымына дайындықты бастайды.

Месси Аргентина құрамасымен қоштаса ма?

Бұған дейін БАҚ-та шабуылшының Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдағаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Алайда TyC Sports мәліметінше, Месси ұлттық құрамадағы болашағына қатысты әлі түпкілікті шешім қабылдамаған.

Дереккөздің хабарлауынша, 39 жастағы футболшы ӘЧ-2026 турниріне нақты шешімсіз барған. Ол жақындарына да бұл әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасындағы карьерасын аяқтайтыны туралы айтпаған.

Месси ӘЧ-2026 турнирінде қалай өнер көрсетті?

Еске салайық, Аргентина құрамасы ӘЧ-2026 финалында Испаниядан қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңілді.

Месси турнирді сегіз матчта сегіз гол соғып және төрт нәтижелі пас беріп аяқтады. Осы көрсеткішпен ол Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанды.

Бұл Месси үшін әлем чемпионатындағы алтыншы турнир болды. Ол ұлттық құрамадағы дебютін 2005 жылы өткізді. Содан бері Аргентина сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соқты және 68 нәтижелі пас берді.

Мессидің жетістіктері қатарында 2022 жылғы әлем чемпионатының алтыны, 2014 және 2026 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлделері, 2021 және 2024 жылғы Америка кубогындағы жеңістер, 2022 жылғы Финалиссима чемпионы атағы және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтыны бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport