Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 5-тур мачтері өтіп, оның қорытындысы бойынша плей-офф кезеңге өткен тағы екі команда анықталды, деп жазады Vesti.kz.
Олар лондондық "Арсенал" мен голландиялық ПСВ, командалар рет бойынша В тобында бірінші және екінші болды.
Бұған дейін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне "Манчестер Сити", "Бавария", "Интер", "Реал Сосьедад", мадридтік "Реал", "РБ Лейпциг", мадридтік "Атлетико", "Барселона", дортмундтық "Боруссия" және италиялық "Лацио" іріктелген болатын.
Турнирдің топтық кезеңіндегі шешуші 6-тур ойындары 12-13 желтоқсанда өтеді.
Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы "Манчестер Сити", англиялық команда былтырғы ЧЛ-дің финалында италиялық "Интерді" 1:0 есебімен ұтқан болатын. Осылайша, "МанСити" бұл турнирде алғаш рет жеңіске жетті.