Чемпиондар лигасының жартылай финалистері тарихи матчтер өткізеді

©twitter.com/Inter/acmilan

"Интер" мен "Милан" Чемпиондар лигасы жартылай финалына жолдама алды. Енді жанкүйерлерді келесі кезеңде миландық дерби күтіп тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Sport24 мәліметінше, миландық командалар тарихта алғаш рет бір маусымда өзара бес рет ойнайды. 

ЧЛ 1/2 финал матчтері 10 және 17 мамырда өтеді.

3 қыркүйектегі А сериясының бірінші айналымында "Милан" 3:2 есебімен "Интерді" ұтқан. Италия суперкубогінің матчінде (18 қаңтар) "Интер" басым түсті - 3:0. А сериясының екінші айналымында (5 ақпан) "Интер" аздаған басымдықпен "Миланды" ұта алды - 1:0.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport