Чемпиондар Лигасының дебютанты "Шериф" сенсация жасады

©championat

Молдова чемпионы "Шериф" футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының 1/16 турниріне жолдама алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

D тобының бесінші турында Мадридтің "Реалымен" кездесіп, 0:3 есебімен ұтылғанына қарамастан "Шериф" еурокубок жарысын жалғастырады. Себебі Юрий Вернидуб ойыншыларында 6 ұпай бар. Украинаның "Шахтері" бес матчта небәрі 1 ұпай еншілегендіктен, төртінші орыннан жоғары көтеріле алмайды.

Бесінші турдан кейін Реал 12, Интер 10, Шериф 6 және Шахтер 1 ұпай еншіледі. Соңғы турда "Шахтер" мен "Шериф" өзара мықтыны анықтаса, "Реал" мен "Интер" топтың бірінші орнына таласады.

Еске салайық, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне бірінші рет жолдама алған молдовалық клуб "Шахтерді" өз алаңында 2:0 есебімен ұтса, Испанияда әйгілі "Реалдан" 1:2 басым түскен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: