ESPN сарапшылары Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші туры алдында турнир жеңімпаздығына үміткерлер рейтингін жаңартты. Франциялық "Пари Сен-Жермен" көш басындағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ПСЖ ESPN рейтингінде бірінші орында
Басылым журналистерінің бағалауынша, Луис Энрике жетекшілік ететін команда турнирдің басты фавориті саналады. ПСЖ Чемпиондар лигасының кубогын қатарынан үшінші рет жеңіп алуы мүмкін.
Екінші орында – "Барселона". Каталондық клуб Чемпиондар лигасын соңғы рет 2015 жылы алған еді. Үздік үштікті лондондық "Арсенал" түйіндеді.
ESPN нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының 10 фавориті:
ПСЖ
"Барселона"
"Арсенал"
"Реал"
"Бавария"
"Манчестер Сити"
"Ливерпуль"
"Комо"
"Интер"
"Атлетико"
Бесінші турдың кестесі
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчтары Қазақстан уақытымен 25 қарашаға қараған түні, 25 қараша кешке және 26 қарашаға қараған түні өтеді.
Қазіргі уақытта турнир кестесінде ПСЖ мен "Реал" көш бастап тұр. Екі команда да төрт матчтың барлығында ұтып, 12 ұпайдан жинаған.
Ал 35 еуропалық клубтың тізімін братиславалық "Слован" түйіндейді. Команда алғашқы төрт кездесуінің барлығында ұтылып, әзірге бірде-бір ұпай жинай алмады.
Жарнама