Каталондық "Барселона" футбол клубы Чемпиондар лигасы жалпы кезеңіндегі жетінші турдың бірінші ойын күінінің қорытындысы бойынша турнирдің 1/8 финалына жолдамаға қол жеткізді.
Каталондықтар жетінші матчте "Бенфика" командасын 5:4 есебімен ұтып, 18 ұпай жинады. Осылай испаниялық команда жарыс кестесінде жетінші орынға тұрақтады және енді сегізден төмен түспейді.
Бұған дейін Чемпиондар лигасы турнирінің жалпы кестесінде көш бастап тұрған "Ливерпуль" плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Англиялық команда жеті ойынның бәрінде ұтып, 21 ұпай жинады.
Турнирдің жаңа форматы бойынша әр команда негізгі кезеңде түрлі қарсыласпен сегіз ойын өткізеді (төртеуі сыртта және төртеуі өз алаңында). ЧЛ-дің 1/8 финалына жалпы кестедегі ең мықты сегіз команда тікелей шығады. Ал тоғыздан 24-орынға дейін орналасқан командалар шешуші ойындар өткізеді. Ал енді 25-орынан төмен орналасқандар жарыстан шығады.